Құрметті әріптестер,
«Қазақстан флорасының биоалуантүрлілігі» мәліметтер базасын әзірлеуге және толықтыруға арналған kazflora.kz веб-ресурсына қош келдіңіздер.
Жасалған мәліметтер базасы 0237/МБҚ «Қазақстан Республикасындағы эндем, сирек кездесетін және шаруашылық маңызы бар өсімдік түрлерінің генетикалық алуантүрлілігін зерттеу және генетикалық қорларын сақтау» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру (2015-2017 жж., жетекшісі Туруспеков Е.К.) және AR05131621 «Қазақстанның жабайы флорасының молекулалық-генетикалық жəне ботаникалық құжаттамасының ақпараттық жүйесі» гранттық қаржыландыру жобасы (2018-2020 ж.ж., жетекшісі Абугалиева С.И.) негізінде құрылды, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің қолдауымен орындалды. Ұсынылып отырған электронды ресурс ҚР БҒМ ҒК шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны (РМК) «Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институтының» молекулалық генетика зертханасында құрылды (ӨББИ, www.ipbb.kz), бұл жұмыс ҚР БҒМ ҒК Ботаника және фитоинтродукция институты және Қазақстанның екі ботаникалық бақтарының (ҚР БҒМ ҒК Маңғышлақ эксперименталдық ботаникалық бағы; ҚР БҒМ ҒК Алтай ботаникалық бағы), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық Университеті, Қазақстан Республикасының «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК және Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары жүйесіне кіретін 15 Ұлттық Табиғи Парктер мен Мемлекеттік Табиғи Қорықтар мамандарымен кең ынтымақтастықтың нәтижесі.
Біздің ғылыми-техникалық зерттеулеріміздің мақсаты ақпаратты каталогизациялау, Қазақстан өсімдіктерінің генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану үшін эндем, сирек кездесетін, жоғалып кету қаупі бар және шаруашылық маңызы бар Қазақстан флорасы түрлерінің молекулалық-генетикалық және ботаникалық сипаттамалары бойынша интеграцияланған мәліметтер базасынан тұратын толыққанды ақпараттық жүйесін құру. ,
Құрылған мәліметтер базасы сізге Қазақстан флорасының генетикалық алуантүрлілігін зерттеу бойынша қажетті ақпаратты табуға пайдалы болады деп сенемін. Біз өз кезегімізде құрылған ресурстарды үнемі толықтыруға және кеңейтуге міндеттенеміз.
Ізгі тілекпен,
Ерлан Туруспеков
б.ғ.к., профессор
молекулалық генеика
зертханасының Меңгерушісі,
РМК «Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институты»
ҚР БҒМ ҒК (Алматы қ., Қазақстан)